01info.kz- ақпараттық портал

АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

0 136

2026 жылғы 4 тамызда Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Медиация күніне және Қазақстан Республикасында медиация институтының қалыптасқанына 15 жыл толуына арналған «Бабалар жолымен татулық негізінде өткен Медиация институтына – 15 жыл» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – қоғамдық келісімді нығайтудағы медиация институтының рөлін, сындарлы диалог мәдениетін дамыту мен дауларды бейбіт жолмен реттеудің маңызын талқылау, сондай-ақ Қазақстан халқының тарихи мұрасына негізделген бітімгершілік дәстүрлерін сақтау және дамыту болды.

Қатысушылар қазақ халқының билер институты мен дала дипломатиясының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері Қазақстан Республикасының қазіргі медиация жүйесінде өз жалғасын тапқанын атап өтті. Сонымен қатар, медиация институтының 15 жылдық даму қорытындыларына, оның қақтығыстардың алдын алу мен оларды бейбіт жолмен шешудегі рөліне, сондай-ақ өзара құрмет пен сындарлы қоғамдық диалог мәдениетін қалыптастырудағы тарихи мұраның маңызына ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел жұмысына этномәдени бірлестіктердің өкілдері, кәсіби медиаторлар, заңгерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мен қоғам қайраткерлері қатысты. Пікірталас барысында медиация институтын одан әрі дамыту, қақтығыстардың алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды және азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтудағы рөлі талқыланды.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар медиация институтын қақтығыстардың алдын алудың, қоғамдық келісімді нығайтудың және сындарлы диалог мәдениетін дамытудың тиімді тетіктерінің бірі ретінде одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ медиация қағидаттарын ілгерілету және үздік тәжірибелермен алмасу бағытындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.