01info.kz- ақпараттық портал

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезіне реставрация жұмыстары жасалып жатыр

фото: ашық дереккөзден алынды
0 2

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезіне «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары кешенді зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіп жатыр. Зерттеу барысында күмбездің сыртқы қабатының беріктігі әлсіреп, жарылған тұстарының көбейгені анықталғандықтан, бұл жұмыстар сыртқы қабаттың одан әрі бүлінуі мен оның жекелеген бөліктерінің құлау қаупінің алдын алуға бағытталған. Аталған сыртқы қабат кесененің түпнұсқа құрылымына кірмейді, ал күмбездің тарихи конструкциясы бүгінге дейін бастапқы қалпында сақталған. Алдағы уақытта шешімдер ғылыми зерттеу нәтижелері мен тарихи құрылымға барынша аз араласуды көздейтін қағидатқа сәйкес қабылданады. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне Қазақстаннан енген алғашқы ескерткіш болып табылатын бұл кешендегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық талаптарға сәйкес және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бақылауымен жүргізіліп келеді.

Дереккөз: МАМ баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.