01info.kz- ақпараттық портал

«Болашақ ойындары – 2026» Астанада: Әлемдік деңгейдегі ауқымды сайыс қалай өтуде?

фото: ҚР Спорт комитеті баспасөз қызметі
0 2

Астана қаласында классикалық спорт түрлері мен заманауи цифрлық технологияларды біріктіретін халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары – 2026» турнирі өтіп жатыр. Ауқымды жарыс 29 шілде мен 9 тамыз аралығында ұйымдастырылуда. Бұл жаңа буын жарысы фиджитал форматта өтіп, қатысушылар алдымен видеоойындар мен виртуалды кеңістікте бақ сынасса, артынша шеберліктерін нақты спорт алаңында жалғастырады. Турнирге әлемнің 50-ден астам елінен келген 800-ден астам үздік спортшы мен халықаралық клубтар қатысуда, ал жарыстың жалпы жүлде қоры шамамен 4,65–4,75 миллион АҚШ долларын құрайды. Бағдарламаға фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-шутер, фиджитал-би, PUBG BATTLEGROUNDS және Dota 2 мен Mobile Legends сияқты 8 бағыт кіреді. Еліміздің намысын барлық 8 дисциплина бойынша отандық командалар мен спортшылар қорғайды. Елордадағы «Барыс Арена», Beeline Arena ұлттық теннис орталығы, Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешені және Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы негізгі жарыс алаңдары ретінде таңдалды.

Дереккөз: ҚР Спорт комитеті баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.