01info.kz- ақпараттық портал

Астанадағы Dota 2 турнирі: Миллион доллар үшін тартыс

картинка ЖИ
0 2

Әлемге танымал Dota 2 ойыншылары мен жетекші халықаралық командалар Астанада 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры үшін тартысқа түседі. Бұл турнир 2026 жылғы 29 шілде – 9 тамыз аралығында өтетін халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары – 2026» аясында ұйымдастырылып отыр. Жеңіс жолында Қытай, Қазақстан, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Америка, Шығыс Еуропа және өзге де өңірлерден келген 16 команда, соның ішінде әлем чемпиондары мен The International финалистері бақ сынайды. Қазақстанның намысын еліміздің жетекші командаларының бірі Rune Eaters қорғайды. Турнирдің топтық кезеңінде 16 команда төрт топқа бөлініп, кездесулер best-of-three форматында өтеді, ал плей-офф кезеңі тікелей іріктеу жүйесімен ұйымдастырылып, гранд-финал үш рет жеңіске жеткенге дейін жалғасады. MOBA PC дисциплинасы бойынша бұл Dota 2 жарысы 2–5 тамыз аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.