01info.kz- ақпараттық портал

Елімізде бір күнде тоғыз жаңа вокзал есігін ашты

фото: https://t.me/kolikpress
0 1

Бір күнде еліміздің бес өңірінде жаңғыртудан өткен 9 теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Атырау облысында Мақат, Сағыз және Доссор, Алматы облысында Шамалған мен Қазыбек бек, Қарағанды облысында Дария мен Мырза, Қызылорда облысында Сексеуіл, ал Қостанай облысында Железорудная станциялары қайта қосылды. Аталған жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасы аясында іске асырылды. Қайта жаңғырту барысында тірек конструкциялар, шатырлар мен қасбеттер жаңартылып, инженерлік желілер ауыстырылды, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жиһаздар мен заманауи жабдықтар орнатылды. Мысалы, Атырау облысындағы Мақат вокзалының аумағы 374,9 шаршы метрге, Сағыз вокзалы 348 шаршы метрге, ал Доссор вокзалы 348 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Бұл нысандарды реконструкциялау барысында отандық өндіріс материалдары пайдаланылып, барлық қауіпсіздік пен жайлылық талаптарына сай жасалды, бұл жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын айтарлықтай арттырады.

дереккөз: https://t.me/kolikpress

Leave A Reply

Your email address will not be published.