Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы жұмыстардың аясында ағымдағы жылдың 31 шілдесінен бастап Қазақстанның әуе тасымалдары нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы ресми түрде кіреді. Әуе компаниясы Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды. Рейстер аптасына 2 рет — сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 типті әуе кемелері арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан мен Түркия арасындағы бұл жаңа әуе қатынасы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға айтарлықтай үлес қоспек.
дереккөз: https://t.me/kolikpress