01info.kz- ақпараттық портал

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЭТНОСАЯСАТТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0 187

Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Мемлекеттік этносаясат және этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шара мемлекеттік этносаясатты тиімді іске асыру, этносаралық келісімді нығайту және қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналды.

Семинар «Этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының қызметін дамыту арқылы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және жалпыұлттық бірлікті нығайту» жобасы аясында өтті. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстандық Даму қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі тарапынан «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

Жиын барысында мемлекеттік этносаясатты іске асырудың заманауи тәсілдері, этносаралық қатынастарды дамыту тетіктері, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар этносаралық қатынастардағы медиация институтының рөлі, қоғамдық диалог мәдениетін қалыптастыру, тұрақтылықты сақтау және мемлекеттік этносаясатты ақпараттық сүйемелдеудің өзекті бағыттары бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.

Семинар жұмысына «Қазақстандық Даму қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі, семинар модераторы Шыңғысхан Қожахметов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің бас сарапшысы Райхан Тілеубергенова, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова және Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі қатысып, мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру тәжірибесі мен ақпараттық жұмыс бағыттары жөнінде баяндама жасады.

Спикерлер өз сөздерінде мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының және ақпараттық-түсіндіру топтарының өзара тиімді ынтымақтастығы қоғамдық тұрақтылық пен этносаралық келісімді қамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдағы өзара сенімді нығайту және конструктивті қоғамдық диалогты дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстардың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер мемлекеттік этносаясаттың басым бағыттарын түсіндіруге, қоғамдағы бірлік пен келісім құндылықтарын дәріптеуге, сондай-ақ этносаралық қатынастар саласында тәжірибе алмасуға және тиімді өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.