01info.kz- ақпараттық портал

«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0 138

Шымкент қаласында «Жаңа Конституция – мемлекеттің жаңа бағдары» тақырыбында қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелерімен кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту.

Кездесуді қалалық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Шакирбек Умаров жүргізіп, Ата Заңның мемлекет пен қоғам өміріндегі айрықша рөліне тоқталды.

– Конституция – еліміздің тұрақты дамуының, қоғамдық келісім мен заң үстемдігінің берік негізі. Ата Заң әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдік беріп қана қоймай, елдегі бірлік пен татулықтың нығаюына қызмет етеді. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – Конституцияның құндылықтарын кеңінен дәріптеу және жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға үлес қосу. Заңды құрметтеу – әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігі, – деді Шакирбек Умаров.

Кездесу барысында қатысушылар Конституцияның елдің саяси жүйесін жетілдірудегі, азаматтық қоғам институттарын дамытудағы және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар Ата Заңның қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы, этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы маңызы кеңінен талқыланды.

Іс-шара соңында қатысушылар Конституцияда айқындалған қағидаттарды құрметтеу, заң талаптарын сақтау және қоғамдық келісімді нығайту – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.