01info.kz- ақпараттық портал

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

0 202

2026 жылғы 12–13 маусым күндері Алматы облысының Қонаев қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен құқық бұзушылықтың, оның ішінде есірткі қылмысының алдын алу мәселелеріне арналған республикалық форум өтуде.

Форум жұмысына Республикалық аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай қатысып, отбасы институтын нығайту, жастар тәрбиесі және құқық бұзушылықтың алдын алудағы ата-аналардың рөлі туралы ой-пікірін білдірді.

Іс-шара барысында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.