01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстандағы этносаралық ахуалға қатысты жаңа әлеуметтік зерттеу нәтижелері жарияланды

Елімізде 37 Достық үйі бар фото: МАМ
0 15

Қазақстанда этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясат жүйелі түрде жүзеге асырылуда. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері көрсеткендей, азаматтардың 93,2 пайызы елдегі этносаралық қарым-қатынасты тұрақты деп бағалайды. Ал респонденттердің 72,5 пайызы этникалық тегі бойынша құқықтарының бұзылмағанын жеткізсе, 86,8 пайызы этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік шараларға оң баға берген.

Биылғы жылдың алғашқы алты айында республика бойынша 140 мыңнан астам адамды қамтыған 5 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда елімізде 130-ға жуық этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Сондай-ақ қоғамдық диалогты дамыту мақсатында өңірлерде 37 Достық үйі, 1 мыңға жуық этномәдени бірлестік және 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым жұмыс істейді. Этномәдени бірлестік өкілдері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына да белсене қатысып, жыл басынан бері 300 мыңнан астам адам осы бастамаға қосылды. Сонымен қатар елімізде медиация институтын дамытуға ерекше мән беріліп, қазіргі таңда медиаторлар тізілімінде 432 маман тіркелген.

Дереккөз: МАМ

Leave A Reply

Your email address will not be published.