01info.kz- ақпараттық портал

ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесу: Құрылтай сайлауына дайындық пен байқау мәселелері талқыланды

картина ЖИ
0 12

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде вице-министр Евгений Кочетов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) миссия басшысы Винсент Пикетпен кездесті. Кездесу барысында 23 тамызда өтетін жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау – бір палаталы парламент – Құрылтай сайлауына дайындық, сайлауалды науқанын бақылау және оны ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Вице-министр жаңа Конституция елдің демократиялық бағытын, азаматтық қоғамды нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау саясатын жалғастырып жатқанын атап өтіп, халықаралық байқаушылар миссияларымен, әсіресе ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен ынтымақтастықтың маңызына тоқталды. Өз кезегінде Винсент Пикет сайлауды қадағалау үшін Қазақстанға 22 ұзақ мерзімді байқаушы келгенін мәлімдеді. Миссияның алғашқы аралық есебі 7 тамызда жарияланады, ал қорытынды есеп сайлау аяқталғаннан кейін әзірленеді. Тараптар сайлау кезеңінде өзара ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендіктерін жеткізді.

Заң талаптарына сәйкес, бүгін, яғни 23 шілде күні сағат 18:00-ден кейін Құрылтай сайлауының сайлауалды үгіт-насихат кезеңі ресми түрде басталады. Бұл кезең дауыс беру күніне дейін жалғасып, 22 тамыз күні сағат 00:00-де (тыныштық күні) аяқталады.

Дереккөз: МАМ

Leave A Reply

Your email address will not be published.