01info.kz- ақпараттық портал

БАЛАЛАР КҮЛКІСІ – ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ӘДЕМІ ӘУЕНІ!

0 4

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараға Қостанай қаласындағы №8, №14 және №21 мектептердің оқушылары, олардың ата-аналары мен педагогтері қатысты. Балалар үшін қызықты ойындар, дамытушы жаттығулар, анималтерапия және танымдық алаңдар ұйымдастырылып, әр балаға ерекше көңіл бөлінді.

Қостанай облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Ақжан Алтыбаева балаларға мерекелік сыйлықтар мен балмұздақ тарту етіп, олардың жүздеріне қуаныш сыйлады. Балалардың шат күлкісі мен жарқын эмоциялары бұл күннің басты сәніне айналды.

Осындай игі шаралар әр баланың қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінуге, олардың әлеуетін ашуға және мейірім мен қамқорлыққа толы орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.