01info.kz- ақпараттық портал

ИСАТАЙ АУДАНЫНДА «ЕЛДЕСУ ЖӘНЕ ТАТУЛАСУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0 119

Исатай ауданында «Елдесу және татуласу» жобасы және «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында медиация институтын дамытуға арналған кездесу өтті. Іс-шараны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Медиация орталығы ұйымдастырды.

Кездесудің мақсаты – қоғамдық келісімді нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң мен тәртіп қағидаларын насихаттау және дау-дамайларды бітімгершілік жолмен шешу тәжірибесін кеңейту.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Рашид Тасанұлы ашып, қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы медиация мен ақсақалдар институтының маңызына тоқталды. Іс-шара барысында Ақсақалдар кеңесінің мүшелері мен қоғамдық медиаторлар азаматтық жауапкершілік, заңға құрмет және қоғамдағы татулықты нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ қатысушылар медиация институтын дамыту, ақсақалдар өнегесін кеңінен насихаттау және дауларды келісім арқылы шешудің тиімді тетіктерін талқылады.

Кездесу қорытындысында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған бастамаларды бірлесіп жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.