Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған диалог алаңы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – Конституцияның қоғамдағы маңызын кеңінен насихаттау, конституциялық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдық диалогты дамыту мәселелерін талқылау болды.
Диалог алаңына ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық құрылымдардың және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Павлодар облысы Ғылыми-сарапшылық тобы төрағасының орынбасары Борис Поломарчук баяндама жасап, жаңартылған Конституцияда көзделген Қазақстан Халық Кеңесінің қоғамдық диалогты дамытудағы және азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын нығайтудағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ Конституцияның қоғамдағы тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі маңызы атап өтілді.
Кездесу барысында қатысушылар конституциялық реформалардың қоғамдық дамуға ықпалы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар Конституция қағидаттарын кеңінен түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.