01info.kz- ақпараттық портал

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ///ҚЫЗЫЛОРДА: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

0 2

Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Жаңа Конституция – қоғам бірлігінің негізі» тақырыбында қоғамдық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі қағидаттарын насихаттау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы оның маңызын кеңінен түсіндіру.

Кездесуге «Невада – Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлы, қоғамдық даму саласының өкілдері, ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, Ақсақалдар кеңесінің өкілдері, жастар және мекеме қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім және тіл орталығы» КММ директоры Бақытжан Камалов жүргізді.

Жиын барысында жаңа Конституцияның құқықтық мемлекет құрудағы, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтудағы рөлі, сондай-ақ азаматтық жауапкершілік пен конституциялық құндылықтарды дәріптеудің маңызы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар Конституцияның қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп, өзара сенім мен түсіністікті қалыптастырудағы айрықша мәніне тоқталды.

Пікір алмасу барысында облыстық ардагерлер алқасының мүшесі Мақсұт Баекеев, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Жұмабек Әлиев және ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі Дәулет Омаров сөз сөйлеп, Конституцияның елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық тұтастықты сақтаудағы орнына қатысты өз ойларын ортаға салды.

Кездесу қорытындысында қатысушылар конституциялық реформалардың Қазақстанның орнықты дамуы мен жарқын болашағы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ қоғамдағы татулықты, бірлік пен тұрақтылықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екені ерекше айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.