01info.kz- ақпараттық портал

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ///ШЫМКЕНТ: АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНДЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ДӘРІПТЕЛДІ

0 116

Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы «Жаңа Конституция және азаматтық қоғам: ақсақалдардың рөлі» тақырыбында өтті.

Іс-шараның мақсаты – Жаңа Конституция аясында қалыптасып жатқан қоғамдық үдерістерге ақсақалдардың белсенді қатысуын арттыру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және елдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтаудағы аға буынның рөлін айқындау.

Жиынды Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев ашып, жүргізді. Ол қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуда, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарға тағылымды тәрбие беруде ақсақалдардың орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ жаңа конституциялық реформаларды іске асыруда азаматтық қоғам институттарының белсенділігі маңызды екеніне тоқталды.

Отырыста мемлекет және қоғам қайраткері, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Досыбай Шерімқұлов баяндама жасап, Жаңа Конституцияның ел дамуы үшін стратегиялық маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Конституция – құқықтық құжат қана емес, қоғамның тұтастығы мен мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі іргетасы.

– Жаңа Конституция – әділетті, тұрақты әрі дамыған қоғам құруға бағытталған басты құқықтық құжат. Оның қағидаттарын кеңінен насихаттау, азаматтық жауапкершілікті арттыру және ел бірлігін нығайту – баршамызға ортақ міндет. Бұл бағытта ақсақалдар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарға өнеге көрсетуде әрдайым алдыңғы қатарда болуы тиіс, – деді Досыбай Шерімқұлов.

Кездесу барысында кеңес мүшелері Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі, азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамдық келісімді нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар елдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту, азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру және Жаңа Конституцияның құндылықтарын кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстарды бірлесіп жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.