01info.kz- ақпараттық портал

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ///ТҮРКІСТАН: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

0 138

Түркістан облысында облыстық этномәдени бірлестіктердің мүшелерінің қатысуымен «Бір Конституция – бір халық – бір тағдыр» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының негізгі қағидаттарын кеңінен түсіндіру, оның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы маңызын насихаттау.

Кездесу барысында Конституцияның заң үстемдігін қамтамасыз етудегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі жан-жақты талқыланды. Қатысушылар еліміздегі тұрақтылық пен татулықты сақтауда, қоғамдық келісімді нығайтуда этномәдени бірлестіктердің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Жиында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева сөз сөйлеп, Конституцияда көзделген негізгі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды. Сонымен қатар, ол «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты этномәдени бірлестіктерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тіркеу рәсімдеріндегі жаңашылдықтар мен заң талаптарын түсіндірді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, көтерілген мәселелер бойынша сауалдарына жауап алды. Сондай-ақ қоғамдық келісімді, этносаралық татулық пен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.