01info.kz- ақпараттық портал

ҚЫЗЫЛОРДАДА ДӘСТҮРЛІ ПУШКИН ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

0 3

А.С.Пушкиннің туған күніне орай Қызылорда облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі Пушкин оқулары өтті. Іс-шара қалалық Арбаттағы «Жазушылар аллеясы» ескерткіші маңында ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – А.Пушкиннің әдеби мұрасын насихаттау, әдебиетке қызығушылықты арттыру және мәдениетаралық байланысты нығайту.

Іс-шара аясында Қызылорда қалалық А.С.Пушкин атындағы кітапхана ұйымдастырған кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде ақынның шығармалары мен өмірі туралы әдебиеттер қойылды. Пушкин оқуларына этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қала тұрғындары және оқушылар қатысты. Қатысушылар ақынның өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқып, әдеби мұраның маңызы туралы ой бөлісті.

Бағдарлама барысында Абай шығармашылығы да аталып өтіп, халық арасындағы рухани және мәдени байланыстардың маңызы сөз болды. Қатысушыларға арналған танымдық ойындар ұйымдастырылып, Пушкин шығармалары бойынша сұрақтар қойылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.