Түркістан облысы Кентау қаласында этносаралық татулықты насихаттау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында «Этносаралық келісім – ел болашағы» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Іс-шараға Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдық округтердің тұрғындарынан құралған командалар қатысып, этносаралық келісім, достық, ынтымақ және ел бірлігі тақырыптары бойынша өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады.
Интеллектуалды сайыс 4 кезеңді қамтыды:
— «Таныстыру»
— «Білімді мыңды жығады»
— «Сөз құрам»
— «Капитандар сайысы».
Сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – «Шаңырақ» тобы,
🥈 ІІ орын – «Бірлік» тобы,
🥉 ІІІ орын – «Бейбіт ел жастары» командасы жеңіске жетті.
Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, ұйымшылдықтарын, білім деңгейлері мен тапқырлықтарын көрсетті. Мұндай іс-шаралар қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға, түрлі этнос өкілдері арасындағы өзара сыйластық пен достықты дамытуға ықпал етеді.