Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар өкілдері үшін Жетісу облысы, Қаратал аудандық тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды өңірдің тарихымен, мәдениетімен және рухани мұрасымен таныстыру, сондай-ақ тарихи жадыға құрмет пен Қазақстанның мәдени әралуандығына деген сыйластықты қалыптастыру.
Экскурсия барысында қатысушылар музей қорындағы құнды жәдігерлермен танысып, Қаратал өңірінің тарихи даму кезеңдері, мәдени дәстүрлері мен белгілі тұлғалары туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мәдени мұраны сақтау және қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға, азаматтардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыруға және ортақ ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.