«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері Астана қаласының жасыл белдеуі мен жол жиегі аумағында өткен сенбілікке қатысты.
Іс-шара барысында аумақ қоқыстан тазартылып, тазалықты сақтау және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар жүргізілді.
Осындай бастамалар адамдарды табиғатқа ұқыпты қарау сияқты ортақ құндылықтар төңірегіне топтастырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ықпал етеді әрі қалалық кеңістіктің жайлы әрі көрікті болуына септігін тигізеді.