01info.kz- ақпараттық портал

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0 3

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері Жетісу облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұжымымен интерактивті пікірталас форматында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен саяси реформаларды түсіндіру жұмыстары және Президент қол қойған «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелерін ақпараттық сүйемелдеу мәселелері талқыланды. Қатысушылар жаңа заңның мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға, қоғамдық пікірді ескеруге және азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.

Сонымен қатар қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту, өңірлік деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.