01info.kz- ақпараттық портал

ЖАМБЫЛ ЖАСТАРЫ ПРЕЗИДЕНТ ОРТАЛЫҒЫНА ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

0 144

2026 жылғы 4 маусымда Жамбыл облысы Қордай ауданының жастары Астана қаласындағы Бірінші Президент музейіне танымдық экскурсия жасады.

Іс-шара тарихи-мәдени нысандарға экскурсиялар мен мәдени-ағартушылық шараларды өткізу жоспарына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Ұлы мекен» жобасы аясында ұйымдастырылып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне ойластырылды.

Экскурсия барысында дүнген этносының жастары Қазақстанның тәуелсіздік тарихына, мемлекеттіліктің қалыптасуына және елдің қоғамдық-саяси дамуына ерекше қызығушылық танытты. Қатысушылар мемлекеттің дамуындағы маңызды кезеңдерді бейнелейтін музей экспозицияларымен мұқият танысып, экскурсия жетекшілеріне белсенді түрде сұрақтар қойып, ұсынылған материалдарды талқылауға қатысты.

Іс-шара барысында жастар еліміздің тарихы туралы білімдерін кеңейтіп, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасымен танысуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар ұлттық құндылықтардың, мемлекеттік рәміздердің маңызын, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілікті және патриотизмнің мәнін тереңірек түсінуге ықпал етті.

Осындай мәдени-ағартушылық іс-шаралар қоғамдық келісімді, Қазақстан халқының бірлігі мен жастар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Экскурсия қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге және еліміздің тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.