01info.kz- ақпараттық портал

Бибісара Асаубаева — «Norway Chess Women 2026» турнирінің чемпионы!

фото: kazchess.kz
0 40

Қазақстандық шахмат жұлдызы Бибісара Асаубаева Норвегияның Осло қаласындағы Deichman Bjørvika мәдени орталығында өткен беделді «Norway Chess Women 2026» халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын дара шығып, 1-орынды иеленді. 2026 жылдың 25 мамыры мен 5 маусымы аралығында ұйымдастырылған бұл дүбірлі додаға Қазақстан, Қытай, Үндістан және Украина елдерінен жиналған әлемнің ең мықты 6 шахматшысы қатысты. Бұл беделді жарыс Бибісара үшін турнир тарихындағы алғашқы дебюті болғанына қарамастан, ол интеллектуалды бәсекенің ең жас қатысушысы атанып, сенімді жеңіске жетті.

Турнирдің деңгейі өте жоғары болып, отандасымызға қарсы қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь (Қытай), әлемдік рейтингте 2-орында тұрған Чжу Цзиньэр (Қытай), әлем шахматының белді өкілі Хампи Конеру (Үндістан), турнирдің былтырғы жеңімпазы Анна Музычук (Украина) және Әлем кубогының иегері Дивья Дешмукх (Үндістан) секілді ең таңдаулы гроссмейстерлер бақ сынады. Жарыс екі айналымды жүйе бойынша өтіп, әр ойыншы бір-бірімен екі реттен кездесті, ал классикалық партияда тең түскен жағдайда жеңімпаз міндетті түрде ұпайды анықтайтын ерекше «Армагеддон» шешуші партиясы арқылы анықталып отырды. Мұндай күрделі формат пен кіл мықтылар жиналған тартыста Бибісара Асаубаева өзінің жоғары шеберлігі мен мықты мінезін көрсетіп, Қазақстан шахматының мәртебесін әлемдік деңгейде тағы бір мәрте асқақтатты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.