01info.kz- ақпараттық портал

Фатима Ирназарова жылжымалы нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

0 18

Таллинде өтіп жатқан жылжымалы нысана көздеуден әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар топ жарды. 10 метр қашықтықтан жеке сайыста Фатима Ирназарова финалда украиндық Виктория Рыбовалованы 6:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Ал Зухра Ирназарова қола жүлдеге ие болып (мажарстандық спортшыны 6:4 есебімен ұтты), іріктеу кезеңінде 573 ұпай жинап жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты. Жергілікті жаһандық додаға 17 елден 100-ге жуық спортшы қатысуда.

Дереккөз: https://t.me/sport_comiteti

Leave A Reply

Your email address will not be published.