01info.kz- ақпараттық портал

Елімізде ментальдық денсаулық сақтау қалай жүзеге асырылады?

фото: ДСМ
0 31

Қазақстанда халықтың ментальдық денсаулығын сақтау жүйесін ауқымды реформалау басталды, мұндағы басты назар аурудың салдарын емдеуден оның алдын алуға, ерте анықтауға және адамды барлық кезеңде кешенді сүйемелдеуге аударылып отыр. Бұл өзгерістер Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мақұлданған 2027–2030 жылдарға арналған ментальдық денсаулықты сақтау жөніндегі кешенді жоспар арқылы жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қазіргі уақытта мамандандырылған медициналық-әлеуметтік көмек екі республикалық клиникада, 20 өңірлік психикалық денсаулық орталығында, 98 алғашқы психикалық денсаулық орталығында және ауылдық жерлердегі 212 психикалық денсаулық кабинетінде көрсетілуде, сондай-ақ амбулаториялық көмек пен оңалту дамытылып, балаларға арналған төсектер саны артып келеді.

Дегенмен, инфрақұрылымды жаңғыртуға және материалдық-техникалық базаны жаңартуға деген қажеттілік әлі де жоғары. Жаңа Кешенді жоспар психикалық денсаулық саласы мамандарын емханалардың жұмысына интеграциялауды, ерте диагностиканы дамытуды, пациенттің емдеу бағытын цифрландыруды, кадрлық әлеуетті нығайтуды және инфрақұрылымды жаңартуды көздейді.

Бұл ретте балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығына ерекше назар аударылып, ғылыми зерттеулерді дамыту, мамандарды даярлау жүйесін жетілдіру, білім беру бағдарламаларын жаңарту, педагогтер мен психологтердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ мүгедектігі бар балалар мен ересектерге арналған арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесі мен инфрақұрылымды одан әрі дамыту ұсыныстары ескерілді.

Дереккөз: ДСМ

Leave A Reply

Your email address will not be published.