01info.kz- ақпараттық портал

Алаяқтар ІІМ оқу орындарына қабылдау туралы жалған СМС-тер жіберіп жатыр

фото: POLISIA.KZ
0 19

Ішкі істер министрлігі талапкерлердің ІІМ-нің ведомстволық білім беру ұйымдарына оқуға қабылданғаны туралы тарап жатқан SMS-хабарламалардың жалған екенін және олардың министрлікке ешқандай қатысы жоғын ескертеді.

Қазіргі уақытта қабылдау науқаны әлі де жалғасып жатыр, іріктеудің барлық кезеңі аяқталған жоқ және ол 15–25 шілде аралығында жүзеге асырылады. Қабылдау науқанының қорытынды нәтижелері конкурстық іріктеудің барлық кезеңі аяқталып, тиісті шешім қабылданғаннан кейін ғана “Qyzmet police” ақпараттық жүйесіндегі талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.

Бұл жүйе талапкерлердің оқуға қабылданғаны туралы SMS-хабарламалар жібермейтіндіктен, азаматтар мұндай жалған хабарламаларға сенбеуге, ондағы сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін жария етпеуге және тек ІІМ-нің ресми ақпаратына ғана сүйенуге шақырылады.

Дереккөз:  POLISIA.KZ

Leave A Reply

Your email address will not be published.