01info.kz- ақпараттық портал

Киберспорт: Dota 2 жұлдыздары қазақстандық жанкүйерлерді күтеді

картина ЖИ
0 19

Астанада 2026 жылғы 29 шілде – 9 тамыз аралығында өтетін «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық додасы аясында 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры үшін әлемнің үздік Dota 2 жұлдыздары мен жетекші командалары бақ сынайды.

Жеңіс жолында Қытай, Қазақстан, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Америка, Шығыс Еуропа және өзге де өңірлерден келген 16 команда тартысқа түседі, олардың қатарында әлем чемпиондары мен The International турнирінің финалистері бар. Еліміздің намысын бұл додада Даниял Әлібай (xsvampire), Әбдімәлік Сайлау (Malik), Әлім Беспаев (aik), Айбек Тоқаев (naive-) және Никита Остаховтан (Nicky`Cool) тұратын отандық «Rune Eaters» командасы жергілікті жанкүйерлердің қолдауымен қорғайды.

Турнирдің топтық кезеңінде 16 команда төрт топқа бөлініп, кездесулер екі ойында жеңіске жеткенге дейін (best-of-three форматында) өтеді, ал плей-офф кезеңі тікелей іріктеу жүйесімен ұйымдастырылып, гранд-финалда командалардың ең көбі бес ойынның қорытындысы бойынша чемпионды анықтайды.

MOBA PC дисциплинасы бойынша өтетін бұл тартысты Dota 2 турнирі 2-5 тамыз күндері Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.