01info.kz- ақпараттық портал

“ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ” РММ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

0 261

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында қатысушылар «Бірлік пен келісімнің мәні» тақырыбы аясында Халықтық Конституция қағидаттары төңірегінде пікір алмасты.

Жиында елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі Ата Заңның рөлі, мемлекеттік институттардың даму бағыттары және конституциялық нормалардың қоғам өміріндегі маңызы сөз болды. «Қоғамдық келісім» РММ сарапшылары студенттермен бірге қоғамдық келісімнің құқықтық негіздерін, сондай-ақ түрлі этнос өкілдерін ортақ құндылықтар төңірегіне ұйыстыратын факторларды талқылады. Сонымен қатар жастардың азаматтық қоғамды дамытудағы орны мен жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Студенттер құқықтық жүйенің дамуы мен этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Ашық диалог форматында өткен кездесу жастардың қоғамдық үдерістерге бейжай қарамайтынын және құқықтық мәселелерге қызығушылық танытатынын көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.