01info.kz- ақпараттық портал

Air Astana Астанадан Гуанчжоуға тікелей рейстерді іске қосты

фото: https://t.me/PR_AirAstana
0 27

Air Astana әуе компаниясы Қытай бағытындағы маршруттық желісін кеңейтіп, 2026 жылғы 2 маусымнан бастап Астана мен Гуанчжоу арасында тікелей рейстерді іске қосты. Жаңа бағыт аптасына бес рет орындалатын Алматы–Гуанчжоу рейстерін толықтырады. Қытайдың ірі өнеркәсіптік және көлік орталығы саналатын Гуанчжоуға рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады. Ұшу ұзақтығы – 6 сағат 45 минут.

Бұл қадам екі ел арасындағы әуе байланысын ұзақ мерзімді дамыту стратегиясының бір бөлігі. 2026 жылғы жазғы маусымда Қытай бағыттарындағы, соның ішінде Алматыдан Үрімші, Шанхай, Санья және Ининге, сондай-ақ Астанадан Бейжің мен Үрімшіге қатынайтын рейстер жиілігі арттырылады. Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны аптасына 51-ге жетіп, әуе компаниясы тарихындағы рекордтық көрсеткішті тіркейді. Air Astana тобы осы арқылы Орталық Азия, Кавказ, Еуропа және Азия елдері арасындағы транзиттік жолаушылар легін дамытуды белсенді жалғастыруда.

дереккөз: https://t.me/PR_AirAstana

Leave A Reply

Your email address will not be published.