01info.kz- ақпараттық портал

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінде шекті жылдамдық өзгерді

Expressway and Modern Urban Architecture in Qiantang River New Town, Hangzhou, China
0 119

Еліміздегі ақылы жолдардың кейбір бөлігінде шекті жылдамдық өзгертілді.  Жамбыл облысының аумағында жүргізушілер сағатына 120 шақырыммен жүйітки алады. Себебі «Қайнар – Тараз» және «Тараз – Шымкент» бағыттары «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің бір бөлігі саналады. Сондықтан аталған учаскелерде тізгіншілерге шамалы еркіндік беріліп отыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады. Сондай-ақ, «Тараз – Шымкент» арасында орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі өшіріліпті. Алайда бұл процесс тек уақытша ғана. Ал бұған дейін оңтүстік өңірде шекті жылдамдық сағатына 110 шақырым болған.

Дереккөз: «Еуразия» Бірінші арнасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.