1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтөбе облыстық «Жомарт жан» орталығының мүшелері «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне ерекше мерекелік атмосфера сыйлады.
Іс-шара аясында бүлдіршіндер үшін қызықты ойындар мен көңілді бағдарламалар ұйымдастырылып, тәтті тартулар мен сыйлықтар үлестірілді. Балдырғандар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, қуанышқа толы сәттерді бастан кешірді.
Мерекелік кездесу тәрбиеленушілерге жарқын әсер қалдырып, олардың жүздеріне күлкі ұялатты.
Осындай игі шаралар арқылы өскелең ұрпаққа мейірім мен қамқорлықтың құндылығы дәріптеліп, әр баланың бақытты балалық шаққа лайық екені тағы бір мәрте айқындалды.