01info.kz- ақпараттық портал

ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ

0 159

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жетісу облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жүрек жылуы» атты мерекелік іс-шара өтті.

Шараның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау, олардың шығармашылық қабілетін қолдау, қоғамға бейімделуіне ықпал ету және мейірім мен қамқорлықтың шынайы үлгісін көрсету .

Мерекелік бағдарлама барысында балалар әсерлі концерттік бағдарламаны тамашалап, анимациялық шоуға қатысып, қуыршақ театры, флешмоб, фотобудка, аквагрим және түрлі ойын-сауық алаңдарында көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Әр балаға арнайы сыйлықтар табысталып, ұмытылмас сәттер сыйланды.

«Жүрек жылуы» – бұл жай ғана мерекелік шара емес, бұл – балалардың жүрегіне жылулық ұялатқан, мейірім мен шаттыққа толы ерекше күн болды. Іс-шараға қатысқан 80 балаға жарқын эмоция, қуаныш пен бақыт сыйланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.