01info.kz- ақпараттық портал

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ШЫМКЕНТТЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

0 188

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкент қалалық ҚХА жанындағы татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілдері қаладағы №6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына арнайы барып, ерекше қамқорлықты қажет ететін бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

Тағылымы мол шара барысында 25 балаға арнайы сыйлықтар табысталып, оларға шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Ізгілік пен жан жылуын арқау еткен кездесуде ақжарма тілектер айтылып, балалардың жүзіндегі қуаныш нұры көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

Бала — ұлттың болашағы, елдің ертеңі. Сондықтан өскелең ұрпаққа мейірім мен қамқорлық көрсету — барша қоғамның ортақ парызы. Балалардың алаңсыз күлкісі мен бақытты жанары — бейбіт әрі берекелі қоғамның айқын көрінісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.