«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткен жалпы қалалық сенбілікке Шымкент қ. Қоғамдық келісім мекемесінің қызметкерлері белсенді қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Игі шара Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында ұйымдастырылды. Сенбілік барысында саябақ аумағын тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Табиғатты аялау – ұлттың ұлағатын, қоғамның мәдениеті мен жауапкершілік деңгейін айқындайтын асыл құндылық. Айналаны таза ұстау арқылы біз келер ұрпаққа көркейген өңір мен таза қоршаған ортаны аманат етеміз.
Қоғамдық келісім қызметкерлері экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мұндай бастамалардың қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтіп, қоршаған ортаны қорғау ісіне әр азаматтың үлес қосуы маңызды екенін жеткізді.