«Елтану» жобасы аясында Түркістан облыстық “Қоғамдық келісім” мекемесінің ұйымдастыруымен Келес ауданы Шұқырсай ауылында қоғамдық тұрақтылықты сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру және этносаралық татулықты нығайту бағытында ақпараттық-насихаттық кездесу өтті.
Кездесу барысында облыстық «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Х.Исақов, облыстық Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы З.Дінмұхамед және Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкері, полиция капитаны С.Наров тұрғындармен пікір алмасып, қоғамдық келісім мен бірліктің маңызы, құқықтық сауаттылық және жастар тәрбиесі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау, заң талаптарын құрметтеу, этносаралық татулық пен қоғамдық бірлікті нығайту бағытындағы жұмыстардың маңызы кеңінен сөз болды.