01info.kz- ақпараттық портал

БІРЛІК КӨПІРІ

0 562

2026 жылғы 28 мамырда «Бірлік көпірі» мәдени-ағартушылық жобасы аясында жастар ұйымдарының өкілдері мен елордалық жоғары оқу орындарының студенттері үшін Астана қаласындағы Қазақстан-неміс орталығына таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ және «Қазақстандық немістердің «Возрождение» бірлестігі» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Экскурсия барысында қатысушылар Қазақстан-неміс орталығының қызметімен, оның мәдени және білім беру бастамаларымен, сондай-ақ Қазақстандағы неміс этносының тілі, дәстүрі мен тарихи мұрасын сақтауға бағытталған жобаларымен танысты.

2021 жылы ашылған Қазақстан-неміс орталығы аз уақыт ішінде мәдениеттер диалогының алаңына, жастардың, шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің және елордадағы неміс қауымдастығының бас қосатын орталығына айналды. Бүгінде Қазақстан немістерінің этномәдени бірлестігі елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, халықаралық, мәдени-білім беру және тілдік жобаларды жүзеге асыруда.

Кездесу барысында «Қазақстандық немістердің «Возрождение» бірлестігі» қоғамдық қорының қоғамдық келісімді нығайтудағы, мәдени әралуандықты сақтаудағы және қоғамдағы достық қарым-қатынасты дамытудағы рөліне ерекше назар аударылды. Қордың бастамасымен тұрақты түрде мәдени іс-шаралар, тіл курстары, шығармашылық байқаулар, концерттер, көрмелер және жастарға арналған тақырыптық кездесулер өткізіліп келеді.

Экскурсия қатысушылары сондай-ақ орталықтың шеберлік сағаттарын, мәдени бағдарламалар мен жастар арасында өзара түсіністік пен мәдени мұраға құрметті қалыптастыруға, толеранттылық атмосферасын нығайтуға бағытталған бастамаларды ұйымдастыру жұмыстары туралы ақпарат алды.

«Бірлік көпірі» мәдени-ағартушылық жобасы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, сондай-ақ жастардың танымдық әрі мазмұнды бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.