Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Аналар кеңесінің мүшелері, облыстық Әжелер ансамблінің өкілдері және Сауран аудандық Аналар кеңесінің мүшелері Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт әулие үңгірі мен Домалақ ана кесенесіне рухани-танымдық зиярат жасады.
50-ден астам ананың қатысуымен өткен сапардың мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, рухани бірлікті нығайту, отбасы институтының маңызын арттыру және қасиетті орындардың тарихи-рухани мұрасын насихаттау.
Тағылымды сапар барысында қатысушылар қасиетті орындардың тарихымен танысып, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық тәрбие және қоғамдық келісім құндылықтары төңірегінде пікір алмасты.