01info.kz- ақпараттық портал

«ҚОҒАМДЫҚ ТАТУЛЫҚ НЕГІЗІ – МЕДИАЦИЯ»: ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0 572

Түркістан қаласындағы «Болашақ» колледжінде Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің ұйымдастыруымен «Қоғамдық татулық негізі – Медиация» тақырыбында жастармен кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, медиацияның қоғамдағы маңызын түсіндіру және жастар арасында өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру.

Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Көпжасарұлы Баетов, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Жармаханұлы Бейсембаев, Медиация кеңесінің мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері, колледж жастары және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар өзекті тақырыптар төңірегінде ой бөлісті.
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Көпжасарұлы Баетов қоғамдағы тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтауда жастардың белсенділігі маңызды екенін атап өтті.

Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Жармаханұлы Бейсембаев «Жастар және заң: Конституцияны білу – міндет» тақырыбында баяндама жасап, жастардың құқықтық сауаттылығы мен заңды құрметтеудің маңыздылығына тоқталды.

Түркістан облысы ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жанат Пазылбекқызы Таукеева «Әлеуметтік желідегі мәдениет және жауапкершілік» тақырыбында сөз сөйлеп, интернет кеңістігіндегі мәдениет пен жауапкершілік мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар, Түркістан облысы ҚХА жанындағы өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Данияр Мадиханович Аюпов және Профессор, филология ғылымдарының докторы, Түркістан қаласының құрметті азаматы, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Сейдулла Садықов Медиация арқылы сенім мен сыйластықты қалыптастыру бойынша баяндама жасап, қоғамдағы өзара түсіністік пен татулықты нығайтудағы медиацияның рөлін атап өтті.

Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, өз сауалдарын қойып, өзекті мәселелер бойынша ой бөлісті.

Қоғамдағы тұрақтылық пен бірлік – ортақ құндылығымыз. Ал оны сақтау мен нығайтуда жастардың рөлі ерекше.

Leave A Reply

Your email address will not be published.