2026 жылғы 22 мамырда қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында және Халықаралық отбасы күніне орай Алматы қалалық Аналар кеңесі өңірдегі аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді.
Мейірім мен қамқорлыққа толы өзара қолдау бағытындағы игі іс-шара қалалық Достық үйінде өтті. Акция аясында 15 отбасыға бірінші кезектегі қажетті азық-түлік түрлерінен тұратын себеттер дайындалды. Олардың құрамына жарма, ұн, өсімдік майы, қант, макарон өнімдері, шай, балаларға арналған тәттілер және күнделікті тұтынатын басқа да өнімдер кірді.
Акцияның негізгі мақсаты — ерекше қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету, сондай-ақ қоғамдағы мейірімділік, өзара жәрдем және бірлік дәстүрлерін нығайту. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалардың мереке қарсаңында ұйымдастырылуы ерекше маңызға ие екені атап өтілді, себебі әр отбасы қоғам тарапынан қамқорлық пен назарды сезінуі тиіс.
Ұйымдастырушылар мұндай қайырымдылық шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.