Шымкенттегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Қаратау ауданына қарасты Қызылсу тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу барысында еліміздің басты құқықтық құжаты туралы баяндап, жаңа Конституция жайлы жан-жақты мәлімет берді.
Енгізілген негізгі өзгерістер мен олардың маңызына тоқталған топ мүшелері жаңа Конституцияның – қоғам мойындаған құндылықтар жүйесі екенін жеткізіп, әрбір баптың қоғам игілігі үшін қызмет ететінін айрықша атап өтті.
Тұрғын алап белсенділерімен ұйымдастырылған кездесуде қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев, қалалық ІСБ «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы Т.Бисембиев, қалалық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теологы Н.Амангелді, Қызылсу тұрғын алабының биі Б.Махмудов және Қаратау ауданы әкімі аппаратының бас маманы Б.Әділханов сөз сөйледі. Азаматтар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Жиын барысында жалпыұлттық бірлікті бекемдеу, жастар тәрбиесіне назар аудару, этносаралық татулыққа көңіл бөлу, кереғар діні ағымдардан сақтану жайы да назардан тыс қалмады.