01info.kz- ақпараттық портал

Түркі әлемі: Ғылым мен білім интеграциясының жаңа кезеңі

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі сайты
0 11

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркі Академиясының басшылығымен өткен ресми кездесуде түркі халықтарының ортақ тарихын, тілі мен мәдениетін зерттеудегі стратегиялық ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады, деп хабарлайды 01info.kz Ғылым және жоғары білім министрлігі сайтына сілтеме жасап.

және де 2010 жылы Қазақстанның тікелей бастамасымен құрылып, бүгінде толыққанды халықаралық ұйым мәртебесіне ие болған бұл құрылымның 15 жылдық қызметін қорытындылады.

Тараптар Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия мүше болып табылатын, сондай-ақ Мажарстан мен Өзбекстан бақылаушы мәртебесінде қатысатын Академия аясындағы түркітану зерттеулерін үйлестіру, бірлескен ғылыми-білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және түркі әлемінің біртұтас ғылыми-интеграциялық кеңістігін нығайту мәселелеріне баса назар аударды.

Кездесу соңында гуманитарлық ғылымдарды дамыту мен түркі халықтарының мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау бойынша алдағы кезеңге арналған нақты жоспарлар айқындалып, ғылыми байланыстарды сапалы жаңа деңгейге көтеру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.