01info.kz- ақпараттық портал

Қарағандыда алғашқы шағын индустриялық аймақ ашылды

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі сайты
0 13

Мемлекеттік қолдау аясында Қарағанды қаласында шағын және орта бизнеске арналған 4,2 мың шаршы метрлік алғашқы индустриялық аймақ пайдалануға берілді, деп хабарлайды 01info.kz  Қарағанды облысы  әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Жобаның негізгі операторы  —  «Сарыарқа» ӘКК.

Жобаның ерекшеліктері кәсіпкерлерге өндірістік ғимарат салу үшін 3% мөлшерлемемен несие берілді.Дайын цехтар барлық инженерлік коммуникациямен (су, электр, газ, кәріз) жабдықталған.Өндірістік алаңдар бизнес өкілдеріне нарықтық бағадан төмен құнмен жалға беріледі.Аймақта екі ірі кәсіпорын жұмысын бастап, 100-ге жуық жұмыс орнын ашты.

Осындай индустриялық аймақтар жақын арада Қарағандының басқа аудандарында, Саран қаласында және облыстың өзге де өңірлерінде ашылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.