01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстан ECO EXPO CENTRAL ASIA 2026 халықаралық көрмесінде экологиялық бастамаларын таныстырды

фото: https://t.me/EcologyofQazaqstan
0 23

«Silk Road Samarkand» халықаралық көрме кешенінде өтіп жатқан ECO EXPO CENTRAL ASIA 2026 халықаралық экологиялық көрмесі аясында Қазақстан Республикасының ұлттық павильоны экология, тұрақты даму және «жасыл» технологияларды енгізу салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналды. Отандық павильон аймақтағы экологиялық тұрақтылықты арттыруға бағытталған заманауи жобалар мен инновациялық шешімдерді көпшілік назарына ұсынды.

Көрменің екінші күні Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдары, бизнес қауымдастығы және халықаралық экологиялық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен сындарлы диалог пен тәжірибе алмасу жағдайында өтті. Жиын барысында тараптар климаттың өзгеруіне қарсы күрес, су ресурстарын тиімді пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу және баламалы энергия көздерін дамыту секілді өңір үшін өзекті мәселелерді талқылады.

Қазақстандық делегация Орталық Азия деңгейіндегі экологиялық сын-қатерлерді бірлесе еңсерудің маңыздылығына тоқталып, трансшекаралық ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, екіжақты кездесулер барысында экологиялық таза өндірісті қолдау және аймаққа «жасыл» инвестицияларды тарту бойынша бірқатар маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Көрме жұмысы аясындағы бұл шаралар Орталық Азия елдерінің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы серіктестігін жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізбек.

дереккөз: https://t.me/EcologyofQazaqstan

Leave A Reply

Your email address will not be published.