Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Түркия Қолжазбалар институтының президенті Жошкун Йылмазбен кездесу өтті.
Басқосуда кітапхана қорындағы XII ғасырға жататын құнды Құран қолжазбасын сақтау, зерттеу және қалпына келтіру мәселелері талқыланды.
Шара аясында сирек кездесетін жазба жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылып, Түркияның бұл салағы озық тәжірибесі таныстырылды.
Жиын қорытындысы бойынша тараптар мәдени іс-қимылды дамытуға уағдаласып, алдағы уақытта қолжазбаларды реставрациялау жұмыстарына Түркияның білікті мамандарын тарту жөнінде келісімге келді.
дереккөз: МАМ