01info.kz- ақпараттық портал

Алматыда Coca-Cola-ның цифрлық форматтағы жаңа жылдық керуені өтеді

Фото: Ашық дереккөз
0 12

Алматыда 25-30 желтоқсан аралығында Coca-Cola-ның цифрлық форматтағы жаңартылған жаңа жылдық керуені өтіп, қала көшелерінде LED-экранды жүк көліктерінің шеруі мен заманауи технологияларға негізделген мерекелік акциялар ұйымдастырылады, деп хабарлайды 01info.kz  Алматы қаласы  әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Шараның басты аялдамасы — Dostyk Plaza сауда орталығының алдындағы Жаңа жылдық ауыл болады, онда келушілерге фотоаймақтар, сыйлық орау станциясы және extrazone қосымшасы арқылы автокөлік ұтысына қатысу мүмкіндігі ұсынылады. Алматы қаласы Туризм басқармасының қолдауымен өтетін бұл керуеннің қозғалысын 2ГИС қосымшасындағы «Картадағы достар» функциясы арқылы онлайн бақылауға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.