01info.kz- ақпараттық портал

Спорттағы жеңісті жылдың қорытындысы

фото: Алматы облысы әкімдігі сайты
0 11

Алматы облысының спортшылары жыл басынан бері халықаралық және республикалық додаларда 2140 медаль (778 алтын, 628 күміс, 734 қола) жеңіп алып, өңір мерейін үстем етті. Әлемдік аренада 80 алтын, ал Азия деңгейінде 52 алтын медальға қол жеткізу — аймақтағы кәсіби спорттың жоғары деңгейін көрсетеді, деп хабарлайды 01info.kz  Алматы облысы  әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Бұқаралық спорт: «Алатау лига» мен «Жеңіс жолы»

Өңірде дене шынықтырумен тұрақты айналысатындар саны халықтың 42,7%-ына (625 мыңнан астам адам) жетті. Бұл көрсеткіштің өсуіне жаңа серпін берген жобалар:

  • «Алатау лига – 2025»: Ауылдық округтерде 172 әуесқой клуб құрылып, 10 мыңнан астам адамды спортқа тартты.

  • «Жеңіс жолы – 2025»: Жасөспірімдер арасындағы (U15) кешенді жарыстарға 10 мыңға жуық жас спортшы қатысып, болашақ Олимпиада резервін қалыптастыруға жол ашты.

Кәсіби даярлық пен кадр әлеуеті

Қазіргі таңда облыстағы спорт мекемелерінде 25 мыңнан астам спортшы 67 спорт түрінен шеберлігін шыңдауда. Оларға 969 білікті жаттықтырушы тәлім береді. Бұл жүйелі жұмыстар Алматы облысының еліміздегі басты спорттық хабтардың біріне айналғанын дәлелдейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.