01info.kz- ақпараттық портал

Жыл үздіктері: QAZSPORT телеарнасы және Elordainfo.kz порталы

фото: Астана әкімдігі сайты
0 14

Бейбітшілік және келісім сарайында 2025 жылдың спорт қорытындысы бойынша  Namys спорт сыйлығының үздіктері 14 номинация бойынша марапатталды. Елордада спортпен шұғылданушылар үлесі 42%-ға жетіп, биыл бірнеше ірі спорт кешендері (Sana Sport, QazSwimAcademy, Ozen Fitness т.б.) іске қосылды, деп хабарлайды 01info.kz  елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Негізгі номинация жеңімпаздары:

  • Жыл спортшысы: Санжар Тәшкенбай (бокс) – 18 жылдан кейін ел тарихындағы тұңғыш екі дүркін әлем чемпионы.

  • Жыл жаттықтырушысы: Меруерт Балғынбаева – жасөспірімдер арасында әлем чемпионын даярлады.

  • Жыл серпіні: Ақмарал Ерекешева (әлем чемпионы) және Әли Тұрғанбеков (паражүзуден Азия Параойындарының 4 дүркін жүлдегері).

  • Үздік параспортшы: Никита Ермаков (параармрестлингтен әлем чемпионы).

  • Ұлттық спорт үздіктері: Сағындық Әшім (қазақ күресі) және жаттықтырушы Нұржан Қонарбаев (тоғызқұмалақ).

  • Жыл командасы: «Астана» жастар хоккей командасы (Jastar Hokei Lygasy чемпионы).

Үздік ұйымдар мен нысандар:

  • Спорт нысаны: Ozen Fitness (су спорты академиясы).

  • Спорттық ұйым: «Елорда» спорт клубы (мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған).

  • Медиа: QAZSPORT телеарнасы және Elordainfo.kz порталы.

Болашақ жоспар: Елордалық спортшылар 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына лицензия алып, дайындықты бастап кетті. Сондай-ақ келер жылы жаңа ұлттық спорт мектебін ашу жоспарланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.