01info.kz- ақпараттық портал

Ауыл медицинасы: Кадр тапшылығын жоюдағы оң серпін

фото: ДСМ сайтынан
0 11

2025 жылы медициналық жоғары оқу орындарын бітірген 10,5 мың түлектің 34%-ы ауылдық жерлерге жұмысқа жіберіліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артты, деп хабарлайды 01info.kz ДСМ  сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде дәрігерлер тапшылығы — 20%-ға, орта медициналық персонал жетіспеушілігі  7%-ға, ал ауылдық жерлердегі маман тапшылығы 16%-ға азайды.

Биыл 298 дәрігердің әрқайсысы 8,5 млн теңге (100 ЕТЖ) көлемінде көтерме жәрдемақы алды. Ауыл мамандары үшін жалақыға 25% үстемеақы қосылып, 596 медицина қызметкері баспанамен қамтамасыз етілді. Жас мамандарға ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй несиелері берілуде.

Бұл кешенді ынталандыру шаралары шалғай өңірлердегі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.