01info.kz- ақпараттық портал

АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

0 124

Шымкент қаласындағы Достық үйінде 10 тамыз – Абай күніне орай «Абай мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы» атты танымдық-мәдени кеш өтті.

Шараның мақсаты – ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеп, оның білім, ғылым, еңбек, адамгершілік, әділет пен елдік туралы тағылымды ойларын кеңінен насихаттау.

Кеш барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы презентация ұсынылып, ақынның әндері орындалды. Өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқылып, ұлы ойшыл мұрасының бүгінгі қоғам үшін маңызы талқыланды.

Сонымен қатар Абайдың әділет, адалдық, жауапкершілік және адамгершілік туралы ойлары құқықтық мәдениет пен заң үстемдігі қағидаттарымен сабақтастырылды. Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық даму және азаматтардың құқықтық мәдениеті тақырыптарында баяндама жасалды.

Шара барысында ұлттық руханият пен құқықтық мәдениеттің өзара байланысына назар аударылып, Абай мұрасының қазіргі қоғам үшін өзектілігі атап өтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.